"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әбіш Кекілбаев оқуы – 2017» байқауы

23.01.2018

2017 жылдың 14 желтоқсанында Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса орта мектебінде аудандық  «Әбіш Кекілбаев оқуы - 2017» байқауы болып өтті. Байқау Дамса орта мектебінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен болды. Байқаудың ашылу салтанаты жүргізушілердің сөзімен басталып, сөз кезегі  ауданымыздың оқу бөлімінің әдіскері Айнагуль Хапурқызына берілді. Х. Айнагуль қатысушыларды байқау ережелерімен таныстырып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. Ауданымыз бойынша 7 мектеп, 34 үміткер бақ

сынасты. Әр кезең өзінің ережелерімен ерекшеленді. Бірінші кезең «Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы» номинациясы бойынша 18 оқушы қатысты. Әр оқушының еңбегінен Ә.Кекілбаев шығармаларын түсінгендерімен қатар, сол шығармалардың мазмұнын көз алдарына елестете алатындары байқалды. Степной орта мектебінен бұл номинация бойынша 8 «А» сынып оқушысы Бегзат Айжан қатысып, ІІІ орынды иеленді. «Ә.Кекілбаев шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша 17 үміткер қатысты. Степной орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Дәлел Айтжан қатысып, ІІ орынға ие болды. «Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы» номинациясына Степной орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Жузжасарова Марина қатысып, ІІІ орынды қанжығасына байлады. «Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым байқауы» бойынша ауданымыздың екі мектебі жүлдеге таласты. Байқау қорытындысында Хапур Айнагуль жеңімпаздарға құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Байқау өз деңгейінде өтті. Оқушылар бір-бірінен көптеген нәрсе үйренді. Әсіресе, байқау ережесіне жаңадан қосылған «Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы» жақсы әсер қалдырды. Осы номинация басқа байқауларда да көрініс табады деген үміт бар. Осындай байқаулар арқылы оқушылардың ізденістік қабілеттері дамып, білім қоржындары толыға түспек.

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст