Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды және уақыт талабына сай құжат болып табылады. Елбасының өткен жылғы Жолдауы халыққа Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму бағдарламасы ұсынылған болатын. Ал биылғы Жолдауында Қазақстан индустрициясы, Ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімділігі, Агроөнеркәсіп, Транспорт пен логистикалық инфрақұрылым, Құрылыс пен тұрғын үй, Қаржы секторы, Адами капиталдың жаңа сатысы, Цифрлық технологиялар, Заң үстемдігі, «Смарт Сити» Бүгінде баршамызға осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылу қажет. Сол үшін Елбасыға шынайы риза болдық.
Елбасының өскелең ұрпаққа көңіл бөлгені қатты қуантты.
Жастар қандай жоғары оқу орындарынан білім алса да, біздің болашаққа қажет маман болуы керек. Болашаққа белгіленген орасан зор міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегиясыз орындау мүмкін емес.
Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда мынадай қағидатты басшылыққа алуға міндеттіміз:
Біріншіден, Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Біздің ең басты құндылығымыз - Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан.
Екіншіден, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату. Біздің барлық түлектерімізге жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.
Үшіншіден, экономикалық өрлеу - әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және борышымызды табысқа бастаудың кілті.
Барлығымызда Қазақстанның жаңаруына үлесімізді қосуымыз керек. Яғни, барлығымыз да еліміздің патриоттары болуымыз керек. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Құрметті Елбасы, қазақ бүгін Еуропаның төріне шықты. Бұл-бүкіл қазақ халқының қуанышы мен мақтанышы. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен – күнге ілгері басуда.