Өсіп келе жатқан жаңа буын – біздің еліміздің жарқын болашағы. Еліміздің ертеңі соларға байланысты болғандықтан, біз ұстаздар олардың білімді болуының қаншалықты маңызды екенін сезіне білеміз.Осы орайда оқушылардың мектептегі екінші ата-анасы ретінде, олардың болашағын айқындау мақсатында өз ақылымызбен бөлісіп, бағыт-бағдар беріп, жол сілтейміз. Біз, өмір атты алға қарай жүре беретін көпірдің үстінде келеміз. Әр жүрген қадамдарымыз бізге бірде қуаныш әкеліп жатса, бірде жұбаныш етеді. Өмір жеңіліс пен жеңістерден тұратындықтан, қиындықтарға құламай қарсы тұрып, күресетін болсақ, әр қадамымыз тек жеңіспен аяқталады.
Осындай жолдарды жүре-жүре міне, біздің оқушыларымыз үлкен өмірге аяқ басатын, алар асулары мен үлкен сынақтарға қарсы тұратын сәттері келіп жеткендей! Адам екі нәрседен қателеспеуі керек дейтін болсақ, оның бірі – мамандық болса, екіншісі-жар таңдау мен байланысады. Әр күннің шапағаты мен махаббатын сезініп, күндер жылжи өтсе де, олар мектептің соңғы жылдарын оқып жатсада, мектепке деген қимастық сезімдерінің ерекше екенін жанарларынан байқауға болады. Бала кезінен бірге өткен әр күндері тек қуаныш пен бақытқа толы болды. Ұядан ұшқан құстай қанат қағып кетуіне саусақпен санарлық күндер қалды. Күнделікті оқу оқып, әр бірі өз мамандығының
иесі болуды армандап, арман жетегінде жүр. Сол армандары орындалу үшін, оқуларын сәтті аяқтап, ата-аналарының және ұстаздардың үміттерін ақтап, мақсаттарына қол жеткізу басты міндеттері. Болашақ оқу орындары мен таңдаған мамандықтарының қыр –сырын зерттеп, қаншалықты маңызды дүние екенін сезіп жүр. Ата-Аналарына қалай жақын болса, біз үшінде солай жақын. Дегенмен де, олар мектептен кетседе, көңілімізден ешқашан кетпейді.
Университетте білім алу, студент атану- адам ғұмырындағы есте қаларлық, әрі ең қызықты өмір кезеңдерінің бірі. Осы студенттік өмірді мәңгілік есте қаларлықтай мәнді де дұрыс өткізу әр адамның өз қолында. Қазіргі таңда көптеген студенттер университет қабырғасында білім алу, ол сабаққа келіп аудиторияда әр сабаққа арналған 50 минутын өткізу деп ойлайтын болар. Алайда болашақта студенттік өмірімізді мақтанышпен еске алатындай, мәнді өткізгіңіз келсе, сізге жан-жақты болу қажет. Жан-жақты студент болу дегеніміз не? Ол бірінші кезекте белгіленген білім бағдарламасына сай барлық пәндерді игеру деп мектеп қабырғасында оқушылардың санасына құйдырамыз.
Осы мақсатта Степной орта мектебінің 11 сынып оқушылары 24.11.2017 күні Елорданың жүрегі – Астана, бас қалада өткен ЭКСПО-2017 аясында өткізілген, әр түрлі жоғары оқу орындары туралы мағлұматтар мен қызықты тәжірибелерді мақсат ете отырып ұйымдастырылған шағын көрмеде болып қайттық. Көрме жұмысына 11 дүние жүзі елдерінен 100 шақты білім беру мекемелері қатысты: Қазақстан, Ресей Федерациясы, Азербайджан, Беларусь Республикасы, Болгария, Греция, Канада, Польша, Румыния, Турция, Чехия. Осы жерде тест тапсырып, 70-130 балл жинадық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылармен танысып, пікір алмастық. Өзіміздің болашақта қай оқу орнына, қандай мамандыққа баратынымызды нақты шешіп келді десек, артық айтпаған болармыз.
Жаңа уақыт - жаңа талаптар – жаңа мамандық. 2018 жылдың жас талапкерлерін лайықты қарсы алуға, өскелең ұрпақтың тәжірибелі маман әрі жеке тұлға болып қалыптасуы жолында біз өз білімімізбен тәжірибелерімізді, жас түлектерімізге ашық жеткізудеміз.