"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жерім

12.12.2017

Туған жер – адам өмірінде ерекше орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстан – кең-байтақ ел. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан - әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан-жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көп ұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Қазақстанда біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып - өскен. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені, Отан біз үшін оттан да ыстық.

Мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара – пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген  әкем, туған – туысым,   аға – әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай – құлындай тебіскен жора – жолдастарым дүниеге келген жер. Сонымен бірге мен өз елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Мұқағали атамыз:

Сендердікі қоғам, өмір, заман да,

Сен түзеген қалаң менен далаң да,

Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,

Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,-дейді.                              

Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз - жастар. Біз енді тәуелсіздігімізді сақтау үшін, оны баянды ету үшін өмір сүруіміз керек. Ел қамы үшін пейішке де, тозаққа да бірге кіруге тиіспіз. Бабалар қалдырып кеткен Ұлы дала алдындағы жауапкершілік бізді бүгін осыған шақырып отыр. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры бізден осыны қажет етіп отыр.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: ата-анам,

туысқаным, туған жер, туған көше, туған қала, немесе мен үшін туған ауыл, мектебім, достарым, халқым. Мен өз еліммен, жеріммен мақтанамын жөне оның нағыз азаматы боламын!

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст