Туған жерім бесігім,
Бақытқа барар есігім.
Сенде туып сенде өскен,
Балаңмын ғой өзіңнің.
Менің туып өскен жерім, көк аспанда бұлты жоқ, көк жалауы биіктен желбіреген егеменді Қазақстанның байтақ жері - Ақмола облысы, Шортанды ауданы. Мен өз туған жерімді жақсы көремін. Мен сол туған жерімде өсіп келемін. «Туған жер» деген сөздің өзі қасиетті сөз. Туған жер анаңдай қымбат, теңіздей терең, кішкентай асыл қазына. Ата-бабамыз «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас», - деп бекерден-бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз қасықтай қаны қалғанша, жанын қиып, қорғап қалған туған жерімізді қорғау, енді біздің парызымыз деп ойлаймын. Халқымыздың басынан не қилы қиындықтар өтпеді дейсің?! Соның бәрін ынтымақ бірлікпен жеңе білді. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», - дегендей әр адамның Отаны болады. Менде, өз Отаныма үлесімді қосып, өз туған жерімді көркейткім келеді. Ол үшін сабағымды жақсы оқып, жақсы маман иесі болғым келеді.
Туған жер...Туған ел...Осы екі ғана сөзде қаншама мағына қаншама ой жатыр десеңші?! Менің басқаларға айтарым, туған жер алтынғада, ақшағада, дүние байлыққа тең келмейді. Менің туған жерімде мал шаруашылығы дамып келеді. Кәсіпкер ағаларымыз егін, мал және картоп өсіруде. Бұлардың өзі елімізге пайдасын тигізері сөзсіз. Күз айларында қарақатты мен бүлдіргенінің өзі біздің байлығымыз емес пе? Біздің ауданымыз күннен-күнге дамып келеді.Әлі де дами береді. Мен өз туған жерімді жақсы көремін.
Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, Егеменді Тәуелсіз ел болып қалыптастық. Тәуелсіз еліміздің көк туы желбірегеніне биыл 26 жыл болды. Әрине, бұл оңайлықпен келген жоқ. Кемеңгер ақылғой, Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде бүгінгі күнге де жеттік. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ел басқарған ұлы тұлғаларымыздың да көп көмегі тиді. Сондықтан біз оны аялауымыз керек. Туған жер біздің асыл қазынамыз..Адамдар өзін-өзі ұмытсада,туған жерді, туған елді Қазақстанды ұмытпас. Мен осы елде қазақ болып туғаныма мақтанамын. Сондықтан да «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан» деп, Абай атамыз авйтқандай, болашақта осы туған жерім, Шортанды ауданына жақсы маман иесі болып келіп, көркеюіне өз үлесімді қоссам деймін. Сол үшін сабағымды жақсы оқып, қалаған мамандығыма түсуім қажет...