"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бабалар сөзі - даналық көзі

21.11.2017

Ата – бабамыз ана құрсағыннан бастап, бала дүниеге келгенше тәрбие жұмысын үзбей жүргізіп отырған. Алғашқы кезеңде тәрбие ойын – сауық түрінде жүргізілген. Бала жеті жасқа жеткенше бетінен қақпай, еркін, еркелетіп өсіреді. Зекімейді, жасқамайды, баланы ұрмайды. «Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, мектептері арқылы халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған. Аталарымыз табиғатпен етене өмір сүріп, барлық жақсы үздік, тәрбиелік мәні зор әдістемелердің барлығын ұрпақ тәрбиелеу жолына бағыштап отырған.

Біздің ата – бабаларымыз Әл – Фараби, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай, Қаныш т.б. таларымыз қазақтың осындай ұлттық тәрбиесінде өскен. Ұлы бабаларымыздың бойынан қазақ халқының теңдесі жоқ бай қасиеттерін көріп, таңданасың.

Ұлы бабаларымыз аталардың өсиет, нақыл сөздерін, әжелердің ертегісі мен аңыз, әңгімелерін, танымдық, ұлттық ойындарын, жұмбақ, жаңылтпаштарын т.б. жаттап, естіп, үйреніп өсті.Бабалар сөзі кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын –жыраулар мен сал-серілерден мұра болып қалған ұлы тәрбие. Жас ұрпақтың бойында ананың әуенімен оятатын бесік жырларымен қатар қиял – ғажайып ертегілер, ұлттық ойындары арқылы ұнамды жағымды әдеттер мен мінез – құлықты, жақсы қарым – қатынасты, ынтымақ пен жарасымдылықты, қайырымдылық пен ізгілікті, еңбек сүйгіштік пен үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер т.б. адамгершілік – рухани қасиеттер қалыптасады.

Тұтастай алғанда халқымыздың рухани мұрасын барынша мол қамтып, ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз.

Просмотров: 31367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст