Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,ескі сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікте пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,тиімді болары сөзсіз.Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енді. Кембридж университеті мен Қазақстан ғалымдарының бірлесіп жасаған үш деңгейлік бағдарламалар бойынша оқыту біздің де мектебімізде ұйымдастырылды. Бұл курстар арқылы білімге әрекеттік амал тұрғысынан келіп, мұғалімнің білімін ең алдымен өзіне,өзін-өзі өзгертуіне қарай бағытталуының өзектілігін арттыруға болатынына көзім жетіп отыр. Курстын маңыздылығы ой бөлісіп, әдістеме алмасуға мүмкіндік туғызуында және ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндіктер береді. Ал енді нақ тақырыбыма тоқталсам, бұл тақырыптың негізгі мақсаты - балалар өзінің эмоцияларын, қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын зерттеу. Мұғалімдер танымдық дамуға арналған дәлелмелерді анықтауды үйренеді, өзін-өзі реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделейді. Семинарларда балаларды өзін-өзі ретеуге үйрететін «Пиджак кию», «Балмұздақ жасау», «Планшет», «Кеңседе» атты бейнежазбалар көрсетілді.Сонда кішкентай балалардың өздері,тиісті мүмкіндіктер жасалған жағдайда, өздерінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болды.
Мақала жүктеу