Су асты перісі
Ертегі
Ертеде қилы-қилы заман болыпты. Су астында бір мейірімді, әрі ақылды пері өмір сүріпті. Оның ерекше қасиеті бар екен, жүрген жеріне жаңбыр жауғыза алатын болыпты. Ол су перісі болғандықтан суда өз достары мен жақындарының ортасында алаңсыз өмір сүріп жатады. Бірақ әркез жағаға шығып отыратын болыпты. Оны көрген адамдар қуанып айтып жүреді екен.
Бір күні аяқ астынан қатты дауыл көтеріліп, үлкен толқын су перісін қырға шығарып тастайды. Пері жүріп келе жатса алдынан адамдар кез болады, адамдар періні танып ауылына алып барады. Ол ауылда біраздан бері жаңбыр жаумапты. Егіндері өспей, жері көктемей қуаңшылық болған екен. Су перісі суға қайтарын не жұртқа көмектесерін білмей біраз ойланып қалады да жаңбыр жаудыру үшін ауылда қалады. Бірнеше күн қатарынан жаңбыр жауып дала құлпырып, ел риза болады. Сол ауылда бір жауыз адам болыпты. Ол перінің қасиетін біліп қойып, адамдар жіберіп ұрлатып алып қамап тастайды. Оны біліп қойған ауыл адамдары періні құтқарып, оны теңізіне апарып салады. Су перісі де халықта риза болып қоштасады.
Су перісі өз мекеніне, достарын, жақындарына келіп бақытты ғұмыр кешіпті.