Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Ел Президентінің жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында,»…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" деп тегін айтылмаған. Өзім денешынықтыру мұғалімі болғандықтан оқушыларымның салауатты өмір салтын ұстануларын қатты қадағалаймын. Жыл сайын мектебімізде жазғы демалыс уақытында үйірмелер өткіземін. Айта кететін болсам, биыл «Баскетбол» үйірмесін өткіздім. Үйірмеге 4 сыныптан бастап 6 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан оқушылар саны он төрт оқушы. 01.06-22.06 аралығында сағат 09.00-12.00 ге дейін жүйелі түрде өткізіліп отырды. Оқушылар бар қызығушылықтарымен қатысып отырды. «Эстафеталық ойын» (баскетбол ойынының элементтерімен), «Себетке салу»тақырыбында жарыстар ұйымдастырылды. Оқушылардың баскетбол ойынына деген қызығушылықтары арта түсті. Сөз соңында айтарым, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.