Адам табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығына түкірме»
«Бұлақ көрсең көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Бүгінде сол ұстанымды өздеріне мақсат етіп қойған Степной орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Ибраева Шаттық Балықбаевна мен Бақытгүл Сәрсенбайқызы ауылдың көркеюіне кішкене болсада өздерінің үлесін қосты. Он күн ішінде көптеген жұмыстар жасалды. Айта кететін бол: ауыл ішіндегі және өзен маңындағы қоқыстарды жинадық, мектеп ауласындағы ағаштарды әктедік, ауылға кіретін жердегі орналасқан маңдайшаны қалпына келтіріп бояп, ағарту жұмыстарын жүргіздік.
Таза болса табиғат -
Аман болар адамзат, - деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Бір жағынан табиғаттың тазалығына ат салыссақ, енді бір жағынан балаларды еңбекке баулу болды. Өзімізде аз болсада ауылға тигізген пайдамыз үшін қуанып қалдық.
Бұл осын он күн ішінде жасаған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Біздің негізгі мақсатымыз осы жасаған іс-әрекеттерімізденбізден кейінгі бүлдіршін балалар үлгі алып, өзінің тұрып жатқан ауылының тазалығын сақтап, құрметпен қарайтын азаматтар мен азаматшалар шығатынына сеніміміз мол!!!