Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен оқушылар жазғы лагерьге баруға асығады.Жайрандаған жаздың қуанышы мен шаттыққа толы ұмтылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Степной ауылында Степной орта мектебіңде «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы лагері жұмыс жасады. Бұл лагерь 1 –маусымнан 22 - маусым аралығында болды. Лагерьдің әр күні жоспарланған жоспар бойынша өтті. Демалыстарын тиімді өткізуге келген балалардың алғақшы күні ән мен бимен басталды. Олар 3 апта бойы түрлі спорттық, интелектуалдық ойындар ойнап, ауылдың көрікті, әрі қызықты жерлеріне саяхат жасады. Саяхатта балалар отқа қақталып пісірген картоп, өздерінің үйден дайындап әкелген тағамдарымен табиғат аясында тамақтанды. Әр шыққан саяхаттары жақсы әсер қалдырып отырды. Көлге де саяхат жасап қана қоймай, тарихына тоқталдық. Ондағы мекен ететін құстар мен балықтарды тамашалады Жаздың ханшайымы атты сайыс болып, балалар өз өнерлерін ортаға салды. Балалар өз қолдарынан зергерлік әшекей бұйымдарын жасап, бір–біріне естелікке сыйлады. Мектеп жанындағы «Айгөлек» мектеп жанындағы лагерінде балалардың демалуына барлық жағдай жасалды.Балалардың көңілді демалғандары жүздерінен байқалды. Лагерьдің әр күні қызықты өтті. Осылайша «Біз-бақытты баламыз» тақырыбында өткен «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы лагері оқушылардың көңілінен шықты деп ойлаймын.