Адам бойындағы жақсы қасиеттер ерте жастан қалыптасып жетіліп отырады. Баланың үш жасқа дейінгі бойына сіңген қасиеті мен мінез құлқы ары қарай жалғасын тауып тез дамиды екен де осы уақытқа дейінгі берілмеген қасиет дағдының бала бойына сіңуіне айтарлықтай күш керек. Жіберіп алған уақытымыз бен бала бойына уақытында бере алмаған тәрбие мен дағдыны үйретеміз, қайта тәрбиелейміз деп жас бала санасына артық
салмақ салып түрлі психикалық ауытқуларға душар етеміз.
Қазіргі қоғамда баланы ерекше өбектеп қате қылығына әдейі мән бермеу мен уақыт жоқтықты сылтауратып оның қалай өсіп жатқанына, неге қызығады,нені қалайтынына мән берілмейді. Ата-ана қалағанын кигізіп,ішкізгеніне мәз болады. Бала санасының даму мүмкіндігінен қалып жатқанын, оның санасын түсініксіз телесериалдар картинасы у-шу атыс-шабыс мультфилмдер жаулап жатады. Ақ парақтай бала санасына жазылған кейіпкерлердің іс-әрекеті бала мінез құлқына тікелей әсер етеді. Көпке топырақ шашудан аулақпыз деседе бала көріп отырғанынан не үйренеді қаншалықты пайда зияны бар деп зер салатын ата-ана аздау.
Кейбіреуі төрт-бес жасқа дейін өз еркімен үлкен-кішіге қарамай қалай болса солай сөйлеп үйренген, кейбіреуі сөйлеуді отыруды үйренбейді. Осы уақытқа дейінгі олқылықты толтыру үшін үлкендердің балаға қаталдық танытып мінез құлқына нұқсан келтіретін кездері де болады. Зерттеулердің өзі көрсеткендей қайта тәрбиелеу үлкен төзімділік пен уақытты талап ететінін кез келген ата-ана біле бермейді. Ананы былай етпедің, мынаны қате жасадың деп баланы қайта-қайта жәбірлей береді.
Енді ата-ана бір қатенің үстіне бір қате жасайды. Көп жәбір көрген баланың өз – өзіне сенімі кетіп жігерсіз, жасық болып өседі. Бұл бір көзге көріндейтін психикалық кемшілік. Жігерсіз жасық адамның қанша мүмкіндігі бола тұрса да өз-өзіне сенімсіздігінің кесірінен ол мүмкіндіктерін пайдалана бермейді.
Ондай адам өмірде кездесетін,түрлі кедергілерден шыға алмай не біреумен бөлісіп ақыл сұрамай түрлі жағдайларға барып жатады. Бала бойындағы түрлі кемшіліктерді жоюға оның өзіне сенім артуына үлкен жол ашатын нағыз бағдаршам өзін-өзі тану пәні. Оның әр тақырыпқа берілен нақыл сөздері мен өсиеттері бала рухани күш береді. Қазіргі уақытта өзін –өзі тану пәнің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Бала жігеріне жанып,рухани күш қуат береді.
Бала – мұратысыз, өміріміздің жалғасы деп білетін ата-ана,сондықтан бала өміріне, өмірінің әр сәтіне жауапкершілікпен қарап өнегелі ұл мен қыз тәрбиелейік.