Өмір деген ұзақ жолда кейбіреуі сүйініп, қайта тұрып, алдына қойған мақсатқа жету үшін тырысады. Алайда, алдыңа қойған мақсатың өзің үшін де, ел үшін іске асарлық пайдалы іс болуы қажет. Сонда ғана сен Гималай тауының ең биік шыңына шыққан секілді жоғарыға көтерілесің. Ал мақсатың неғұрлым пайдасыз болса ең терең өзеннің тұңғиығына түсіп кетуің ғажап емес. Міне, өзін-өзі тану пәнінің адамдарға ең алдымен берер пайдасы дұрыс жолды көрсете білу.
Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне еңгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты- адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуітін көтеру, баланың өзіндік «менін» қалыптастыру.
Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектеп – білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани – адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек өте орынды.
Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы-адамзаттық құндылықтарды, адамшылық принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
«Өзін-өзі тану» сабақтары балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпы-адамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.
Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.
Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуде жандарын салуда. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.