28.03.2023
Қайырымдылық – көп мағыналы түсінік. Бұл жақсылық, мейірбандық, материалдық және моральдық көмек, ол дегеніміз сондай-ақ, жанашырлық, аяушылық, көп жылдар бойы келе жатқан және де қазіргі оңай емес уақытта да бар адамдық құндылықтар. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі.Сондай ақ адамдарға көмектесіп жүрген көп абзал жандар бар.
Шортанды ауданында орналасқан «Лиза» ет дүкені Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің екі отбасына "Наурыз" мейрамы қарсаңында азық түлікпен көмек көрсетті. Көмек көрсеткен «Лиза» ет дүкеніне алғысымыз шексіз. Игі істеріңіз берекелі болсын!