"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіздік мектебі.

23.05.2023
Қауіпсіздік мектебі.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы жадынама.
ҚР Әкімшілік Кодексінің 434-бабы. Ұсақ бұзақылық
Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, тұрғын үй-жайларды қорлау, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың, саябақтардың, скверлердің ластануы, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтардың шығарылуы және басқаларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер, - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
ҚР Әкімшілік кодексінің 435-бабы. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының бірінші бөлігінде көзделген он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық (қоғамға айқын сыйламаушылық білдіретін, азаматтарға зорлық-зомбылық қолданумен не оны қолдану қатерімен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ұятсыз әрекеттер жасаумен сүйемелденетін қоғамдық тәртіпті батыл бұзу, -ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Әкімшілік Кодексінің 437-бабы. Тыныштықты бұзу
Түнгі уақытта (таңғы 23-тен таңғы 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың шуымен сүйемелденетін, шұғыл қажеттілікпен байланысты емес, жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін жұмыстарды жүргізу, - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Әкімшілік Кодексінің 438-бабы. Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыру - жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Әкімшілік кодексінің 440-бабы. Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу
Просмотров: 140


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст