Текст
Оқушылар денсаулығының басты бағыттарының бірі, мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру болып табылады. Мектебімізде қазіргі таңда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 84 оқушыға тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Мектеп оқушыларына 4 апталық бекітілген ас мәзірі негізінде ыстық тамақ берілуде. Әр күн сайын мектеп медбикесі оқушыларға берілетін астың қауіпсіздігіне баса назар аударып отырады Біздің мектепте тиімді ұйымдастырылған тамақ тек қана бала организімін қолдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы оқуға тигізетін ықпалы зор.