Бүгін ауданымызда 7-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі пәнінен "Жарқын болашақ" Республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
- мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани құндылықтарын тарату;
- оқушылардың шығармашылық және зерттеулік қабілеттерін дамыту;
- оқушыларға қазақ тіліне, дәстүр мен тарихқа деген қызығушылықты баулу.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша ұйымдастырылды:
1) "Сөз шебері" номинациясы бойынша мектебімізден 7 "А" сынып оқушысы Нұрлан Аяулым қатысып, 3 орынға ие болды. Сондай-ақ бұл номинация бойынша 7 "Б" сынып оқушысы Валеева Александра және 8 "Б" сынып оқушысы Воекова Алина өз бақтарын сынады;
2) "Білгірлер бәйгесі" номинациясында 8 "А" сынып оқушысы Малчыбай Айсулу бақ сынап, 3-орынды қанжығасына байлады;
3) "Бейнелеушілер" номинациясына 10 "А" сынып оқушысы Сәулетай Женіс қатысып, 3 орынды иеленді;
4) "Әнші бұлбұлдар" номинациясында 10 "А" сынып оқушысы Мухиденова Айым өз өнерін көрсетіп, 3-орынға ие болды;
5) "Жас қаламгер" номинациясында 10 "А" сынып оқушысы Малчыбай Айнур бақ сынап, алғыс хатпен марапатталды.
Сайыскерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!