Мектебімізде 6-ақпан күні ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай және мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес мектепішілік "Абай оқулары" болды.
Абай оқуларының мақсаттары:
1. Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру;
2.Оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту;
3.Адамгершілікке, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу.
«Абай оқулары» төрт номинация бойынша өткізілді:
1. I кезең- «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай шығармаларын жатқа оқу байқауы.
2. II кезең – «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» - Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы. (түрлі музыкалық аспаптар мен сүйемелдеп орындауға болады).
3. III кезең : «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Абайға арнау, жас ақындардың авторлық төл туындылары.
4. ІY кезең : Абай Құнанбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы. Қатысушы үй тапсырмасы ретінде Абай шығармаларын оқи отырып, он сурет дайындап алып келеді. Байқауда берілген өлең бойынша сол жерде сурет салады.
Аталмыш номинациялар бойынша оқушылар өнерлерін көрсетіп, оза шапқан оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталып, аудандық кезеңге жолдама алды. Қатысқан оқушылардың талаптарына нұр жаусын демекпіз және жеңімпаз оқушыларға аудандық кезеңде сәттілік серік болғай!!!