Текст
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 6-7 ақпан аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Абай жаққан бір сәуле" республикалық ақындар мүшәйрасының облыстық кезеңі өткізілді. Мүшәйраға біздің мектебімізден 10 "А" сынып оқушысы Сәулетай Жеңіс қатысып, өзінің таланты мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде мүшәйраның жүлдегері атанып, грамота мен бағалы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Паней Сулушаш. Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз және әлі биік белестерді бағындыратынына сенеміз!!!