Текст
24.07.2023
2023 жылдың 20-30 маусым күндері аралығында Қарағанды қаласында өтіп жатқан тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында (9,11,13 жасқа дейінгі) жекелей Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақмола облысының сапында өнер көрсеткен шәкіртім, ауданымыздың жас спортшысы ТІЛЕУБЕК АЛТЫНБЕК рапид бағдарламасы бойынша 9 жас ұлдар арасында еліміздің ЧЕМПИОНЫ атанса, классикамен блиц бағдарламасы бойынша 9 жас ұлдар арасында КҮМІС жүлдегері атанды. Сонымен қатар,өзім Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Е.Мырзабосыновтің атынан тоғызқұмалақтан 9 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпаз спортшы тәрбиелегені үшін дипломымен марапатталдым.






