Текст
21.02.2020
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байдрахман Айнур Шүкірқызының ұйымдастыруымен 11 "А" сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен "Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз" роман диологиясының ерекшелігі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында оқушылар роман-диологиясының мазмұнына мән бере отырып, оның ерекшелігін айқындай алды. Сабақ барысында топтық жұмыс жүргізілді. Топ мүшелері өздеріне жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқара білді. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алына отырып, тақырыпты жоғары деңгейде меңгергендері көрінді.




