Текст
Бүгін ағылшын тілі мұғалімі Баймусинова Айнагуль Сембаевнаның ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында "Уштілділік- заман талабы" тақырыбында дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты:
- Үштілділіктің біздің қоғамға тигізетін пайдасы мен кері әсерін анықтау;
- Латын әліпбиіне көшудің тиімділігін көрсету.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар үштілділік саясатына өздерінің пікірлерін ашық білдіре отырып, бір-біріне сұрақтар қою арқылы өз ойларын ортаға салды. Ағылшын тілі мен латын әліпбиінің байланысы мен аражігін ажыратуға байланысты көптеген пікрілер ортаға салынды. Оқушылар өздерінің жарқын елдің болашағы ретінде ел болашағына алаңдаушылық білдіретінін аңғартты. Болашақ- білімді ұрпақтың қолында.