Гуманитарлық пәндер апталығы негізінде тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Шаттық Балықбаевнаның ұйымдастыруымен 6"А" сынып оқушыларының қатысуымен дүниежүзі тарихынан "Ұлы географиялық ашулар" атты ашық сабақ өтті. Сабақ көрнекілік құралдарға бай болды. Ең алдымен оқушылардан саяхат туралы мәлімет сұрала отырып, олардың болашаққа қай жаққа барғылары келетіндері туралы айтылды. Сонымен қатар, сол саяхатқа немен баратындары да сұралды. Көлік түрлері арқылы үш топқа бөлініп, саяхатқа шықты. Әр сабақтың кезеңі әр түрлі аралдардың атауымен ерекшеленді. Мәселен:
1) Қуаныш аралы. Бұл аралда оқушылардың көңіл-күйлері көтеріле отырып, өз армандарын ортаға салды;
2) Жаңалық аралында оқушылар жаңа біліммен танысып, жаңалыққа қарық болды;
3) Оқиғалар аралында топтық жұмыстар қарқынды жүре отырып, өз шеберліктерін көрсетті;
4) 5 қадам аралында оқушылар тек алға ұмтылу керектігін және армандарына жете білуге үйренді және соңғы көңіл-күй аралында сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ барысынан оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алғанына сенеміз.