Гуманитарлық пәндер апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Паней Сулушаштың ұйымдастыруымен 5"А" сынып оқушыларының қатысуымен "Менің атым-Қожа: Кейіпкерге хат" тақырыбынба ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында "Шын жүректен тілек" әдісі арқылы бір-біріне тілек айтумен басталды. Ең алдымен оқушылардың назарына сабақ мақсаты таныстырылып, оқушылар сабақ соңында қандай нәтижеге қол жеткізулері керек екені айқындалды. Әрі қарай сабақ шығарма кейіпкерлері мен оқиғаларды еске түсіру мақсатындағы "Ойлан тап" әдісімен жалғасты. Одан әрі кейіпкерлер бейнесін ашу мақсатында әр топқа жеке тапсырмалар берілді. Ол тапсырмалар негізінде оқушыларға Қожаның бейнесін анықтау, Жантас пен Қожаны салыстыру және бес жолды өлең жазу тапсырылды. Сабақ сергіту сәті мен "Сөздер сөйлейді" әдісімен жалғасты. Сабақ соңында оқушылар кері байланыс арқылы сабақтан білген-түйгендерін қорытындылады.