"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос педагогтік лауазымдарға байқау өтетіндігі туралы хабарлайды!

15.08.2023
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос педагогтік лауазымдарға байқау өтетіндігі туралы хабарлайды!
Бос лауазым:
1. Педагог-психолог -1 бірлік (тұрақты)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген -бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім беру туралы құжаттарының көшірмесі;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-сарапшы педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст