"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру

25.02.2020

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Осы мақсаттарды көздей отырып, бүгін мектебімізге Нұрсұлтан қаласынан "Сакен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық" университетінен өкілдер келіп, университет беретін мамандықтардың түрлерімен таныстырды.

 

 

Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст