Бүгін мектебімізде дәстүрге айналған "Пушкин оқуы" болды. Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.
12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.
Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз.
"Пушкин оқуына" аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ахметова Ш. Х. және әдіскер Хапур А. келіп қатысты. Оқушылар өздерінің актерлік шеберліктері мен мәнерлеп оқу шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.