11.10.2023
2023 жылдың 27 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау болып табылады. Байқауға біздің мектептен 5 оқушы қатысып, келесі номинациялар бойынша дипломдармен және қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды:
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы- 9 “А” сынып оқушысы Малчыбай Кунсулу І орын;
2. «Көркемсөз оқу» номинациясы - 11”А” сынып оқушысы Бақытбек Аружан І орын;
3. «Эссе жазу» номинациясы- 10”А” сынып оқушысы Бахитбек Назым І орын;
4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету»- 8”А” сынып оқушысы Төлеубай Нұрсұлтан ІІ орын;
5. «Ақындар мүшәйрасы»- 9 “А” сынып оқушысы Малчыбай Кунсулу І орын.
І орын алған оқушыларымыз облыстың кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз! Жарайсыңдар!