Текст
Наурыз мейрамы өз жалғасын табуда. Бүгін орыс тілді бастауыш сынып бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Өніс күніне" арналған іс-шара болып өтті. Іс-шараға орай, үзілістер кезінде әр түрлі ойындар ойналды, әндер айтылды, қойылымдар қойылып, гүлдер отырғызылды.
Өніс күні. Белгісі – бүршік жарған талшыбық немесе қозы. Молаю күні болып табылады. Бұл күні әр ауыл, көше, қала тал егумен айналысады болмаса болашақ саябақ, орман-тоғай орындарын әзірлейді. Адамдар үйлеріне, көшеге, саябаққа тез көктейтін дақыл, гүл, ағаш егеді.