03.11.2023
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» 2023 жылғы 22-24 қазан аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған X республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты мен міндеті: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің 11 “А” сынып оқушысы Бақытбек Аружан «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңге жолда алды және 11 “А” сынып оқушысы Дамас Аяулым Нұрланқызы “Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.
Оқушыларымызды құттықтай отырып, республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!