06.01.2024
Еліміздің болашағы — білімді әрі жасампаз ұрпақ. Ал оны тәрбиелеу — бірінші ата-анаға, содан соң мұғалімге артылған басты міндет. Осы мақсатта мектебімізде ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарға мән артатын ата аналар клубтары жасақталған. Оның құрамына мектеп оқушыларының ата аналары тартылған. Аталған клубтардың мақсаты да, бағыты да бір. Олар ұстаздармен бірлесе отырып отбасы ынтымақтастығын қалыптастырып, баланы жан-жақты дамытып, рухани дүниесін байытады. Аталмыш клуб баланың білімі мен тәрбиесі саласында атқаратын рөліне арналды.
Отбасылық клуб үйірмесінің жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хурмет Дарима