22.02.2024
Ақмола облысы Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4"А" сыныбында 14.02.2024 күні мектепішілік жоспарға байланысты ата аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде:
1. ББЖМ өткізілу тәртібі, әдістемелік көмек көрсету және өткен алдын ала бақылау сынамалардың нәтижелерімен таныстыру (мектеп директоры Тынысбекова Б . К таныстырды)
2. "Ата - ана мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайтуға " арналған тренинг.
Жиналыс барысында ата аналар балалардың бос уақыттарын дұрыс пайдалану, білім сапасын арттыру туралы ойларын ортаға салды. Қазіргі білім деңгейімен таныстырылды. Мектептегі іс-шаралар мен оқушылардың білім сапасына ризашылықтарын білдірді.
Өткізген 4"А" сынып жетекшісі Балтабекова Анар Кайроллаевна