04.03.2024
Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні жалпы білім беретін мектептердің көркем еңбек және технология пәні мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық ізденіс» облыстық педагогикалық шеберлік конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби және шығармашылық қызметін дамыту, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып,білім алушының тұлғасының қолайлы қалыптасуы мен дамуы, сондай –ақ жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, көркемдік білім беру және технология саласындағы педагогикалық қызметтің мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында өткен конкурсқа мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Уатхан Талант қатысқаны үшін алғыс хат және сертификатпен марапатталды.
Мұғалімге шығармашылық табыс тілейміз!