"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

15.03.2024
“Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
🔹Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды және (немесе) қағаз түрінде
🔹Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
2) порталдың: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы
🔹Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4)“Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5) баланың денсаулығы туралы анықтама;
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
Порталға:
1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);
3) баланың тууын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);
4) “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты(электронды көшірме);
5) баланың денсаулығы туралы анықтама (электронды көшірме);
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін) (сканерленген көшірмесі).
 
Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст