"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республика бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны басталды.

15.04.2024
Республика бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады, оның әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. 13 сәуірге дейін созылған бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. 20 сәуірге дейінгі апталық «Киелі мекен» деп аталады және ол тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. Сәуір айының 27-сіне дейін «Жасыл аймақ» тақырыбымен өтетін апталық ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеумен ерекшеленеді.
4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған. «Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада су қоймалары,өзендер, көлдер айналасы қоқыстан тазартылады.
Біздің мектеп науқанға белсене қатысады. 9-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер мектеп ауласын абаттандыру мақсатында сенбілік өткізді.
 
Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст