Текст
Құрметті достар! Бүгін, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Сіздерді осы тамаша және өте маңызды мерекемен құттықтаймыз!!! Отбасыларыңызда әрқашан махаббат, келісім және өзара түсіністік орнап, барлық жоспарларыңыз орындалып, әрбір жаңа күн тек қуаныш әкелсін! Отбасы - әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе. Бұлар біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейміз деген жақын, аяулы жандар. Махаббатты, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты отбасында үйренеміз. Халықаралық отбасы күні отбасының біздің өміріміздегі маңыздылығы туралы тағы бір рет ойлануға және жақын адамдарымызға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.