Жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Жер планетасының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады. Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді.
Осы айтулы мерекеге орай Степной орта мектебінің "Ecolife" еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен іс-шара өтті, аталмыш мерекенің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар іс-шара соңында сенбілік өткізіліп, көшеттер отырғызылды.
Табиғат - біздің ортақ үйіміз. Оны аялап, таза ұстау - біздің басты міндетіміз!!! @ Damsa, Aqmola, Kazakhstan