09.09.2020
Елбасының "Ел үміті" бастамасы аясында, ауылдық мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау мақсатында Қазақстанда биылғы жылы алғаш рет "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасы 21 тамыз 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 5000 бала қатысушыдан 1000 оқушы іріктеліп жеңімпаз атанды. Ақмола облысы бойынша 83 оқушы жеміске жетті.
Сондай жеңімпаз атанған оқушылар арасынан біздің мектептің 6 " А" сынып оқушысы Сулейменова Айша Аблайқызы жүлделі орынға ие болды. Республикалық физика-математикалық Елбасы Академиясына жолдама алды. Шәкіртіміз Айшаны құттықтап, мектеп абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!
Жетекшілері: математика пәні мұғалімі Ибраева Асемгуль Жалғасбековна, қазақ тілі пәні мұғалімі Паней Сұлушаш