11.12.2020
Мектепішілік жоспарға сәйкес, 30 қараша – 4 желтоқсан аралығында оқыту қазақ тілінде жүргізілетін гуманитарлық пәндер апталығының іс шаралары өткізілді. Апталықтың тақырыбы: «Абай – дара, Абай – дана қазақта!». Мақсаты: Дәстүрлі және жаңа технологияларды сабақтастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу. Пән мұғалімдері: Аубакирова Калдыгуль Байдрахмановна, Ибраева Шаттык Балыкбаевна, Серикбай Надя, Бейбит Харахат, Саленбаба Орал кесте бойынша 2, 5 , 7, 10, 11 сыныптарда ашық сабақ өткізді.
Апталық барысында мұғалімдердің шеберлігі мен оқушылардың белсенділіктері байқалды. Оқушылар өздерінің білгендерін барынша көрсете білді және сабаққа деген белсенділіктері арта түсті.