Текст
Мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Шападат Берік Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымынан Қазақстан Республикасының 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Ұжым атынан жас маманға алдағы уақытта жұмысына табыс тілей отырып, биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!