Текст
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні VII республикалық "Ақберен" өнер байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізілді. Степной орта мектебінен 9 сынып оқушысы Малчыбай Айсулу шешендік, білгірлер номинациясы бойынша қатысып өз білімін сынап көрді. Нәтижесінде 1 орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Айсулуды құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!