11.12.2020
«Ақберен» республикалық
өнер байқауының облыстық кезеңі.
2020 жылдың 7 желтоқсан күні «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңіне аудандық кезеңнен іріктеліп шыққан 4 оқушымыз қатысты.
Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқау 6 номинация бойынша онлайн режимде өткізілді
1) Шешендік, білгірлік сайысы;
2) Көркемсөз оқу;
3) Эссе жазу;
4) Ұлттық аспапта өнер көрсету;
5) Ақындар айтысы;
6) Ақындар мүшәйрасы;
Ауданымыздан «Ұлттық аспаптармен» өнер көрсету номинациясынан - Шортанды №3 ОМ 9 сынып оқушысы Тауекелова Томирис –ІІІ орын;
«Ақындар мүшәйрасы» номинациясынан Новоселовка ОМ 9 сынып оқушысы Сарсенби Аян ІІ орын;
«Шешендік,білгірлік» сайысы – Степной ОМ 9 сынып оқушысы Малчыбай Айсұлу І жүлделі орындарға ие болды.
Малчыбай Айсұлу ІІІ кезең Республикалық «Ақберен» байқауына қатысуға жолдама алды. Осындай дарынды да талантты, шығармашыл оқушыларымыз көп болсын. Дарынды оқушыларымызды дайындап, бәйгеге қосып отырған ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!
Жүлделі орындарымыз құтты болсын!